Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу құны арзандайды – болжам

Тұрғын үйді жалға алу субсидиялау бағдарламасын енгізу есебінен арзандай бастайды. LS-ке осындай пікірді Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов айтты.

Сарапшының айтуынша, қазіргі уақытта жалға беру құны нормадан жоғары. Алайда ол мамыр айында бағаның 20% -ға дейін төмендеуі мүмкін деп болжады.

Мысалы, қазір айына 130 мың теңге тұратын пәтер мамыр айында 110 мың теңгеге ұсынылады. Себебі бағдарламада орнатылған шектеулер болады.

"Бұл – қоғамның әлеуметтік осал топтарын қолдау мен субсидиялаудың барынша пысықталған тұрғын үй бағдарламаларының бірі. 70 мыңға жуық пәтер жалдау нарығына шығып, ірі қалалармен қатар шағын қалаларда да белсенділік артады. Бағдарлама iске қосылған кезден бастап, яғни мамыр айынан бағалар төмендейді. Мұны бағдарламаға қатысқысы келетін тұрғын үй иелері жасайды. Соның нәтижесінде басқа жалға берушілер де бағаны төмендете бастайды", — деп түсіндірді Мүсірепов.

Ол бағдарламада белгіленген шекті бағалар нарықтық индекстерге сәйкес келетінін қосты. Бұл ретте жалдау құнының төмендеуі III-IV санаттағы (экономкласс) тұрғын үйге қатысты болады. I және II санаттағы (элит және бизнес) пәтерлердің бағасы бұрынғы деңгейде қалмақ.

Қаңтарда бағаның 5,2%-ға күрт өсуі туралы айта келе, Мүсірепов бұл бағдарламаның пайда болуы туралы ақпарат ел арасында бірден үлкен талқылау тудырғанын тiлге тиек етті. Бірақ ол кезде нақты шарттар әлі белгіленбеген еді.

Мүсірепов келешекте тұрғын үйді жалға берудің "сұр" нарығының төмендеуін болжады. Оның пікірінше, қазір ол шамамен 70% құрайды.

"Бағдарламаға қатысу үшін пәтер иелері есепке тұра бастайды. Сонда қадағаланбайтын үлес 40%- ға қысқаруы мүмкін, ал мемлекет жалдау нарығын қадағалап, реттей алады", — деп қорытындылады LS сұхбатшысы.

Мұндай қолдауға кімдер ие бола алады?

Отбасы Банкінің ақпараты бойынша, алушыға субсидия төлену үшін жылжымайтын мүлік "отбасы мүшелерінің саны – жалға алынған тұрғын үй алаңы"өлшеміне сәйкес келуі тиіс. Оның ішінде: бір- үш адамнан тұратын отбасылар үшін – 40 шаршы метрден аспайды; төрт – бес адамнан тұратын отбасылар үшін – 60 шаршы метрден аспайды; алты және одан көп адам санынан тұратын отбасылар үшін – 80 шаршы метрден аспайды.

Жалға берілетін тұрғын үйдің 1 ш. м құны жыл сайынғы АЕК деңгейі негізінде облыс пен қалалардың коэффициентіне есептеледі. Мысалы, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында үш адамнан тұратын отбасы құны айына 40 ш. м тұрғын үй үшін 110 378 теңге, бес мүшеге дейін (60 ш.м.үшiн) – 165 568 теңге, алты және одан да көп отбасына (80 ш. м үшін) 220 757 теңгеге дейін 50% субсидияланады. Басқа аймақтарда төлемнің максималды мөлшері аз. Жамбыл облысындағы ең төменгі көрсеткіш – 54 696 теңгеден 109 393 теңгеге дейін.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы іске қосылуы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселедегі кідірісті сынға алды. ИИДМ LS-ке жалға алу үшін субсидия алу шарттарын түсіндірiп берген болатын.

Кестені басқа БАҚ-на көшіруге тыйым салынады

Похожее

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top