Қылмыстық кодекс жаңа баппен толықтырылды.
Бұл өзгеріс "Жемқорлыққа қарсы күрес" туралы заң жобасында қарастырылған.
Қылмыстық кодекс жаңа 247/1-баппен толықтырылды. Бұл бап жемқорлық әрекеттерді жасауға оқталғандар үшін екі жылдан аса бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Өзгеріс пара алушы мен берушіні тең дәрежеде жауапкершілікке тартып, әділдік принципін күшейтуді көздейді.
Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ішкі істер министрлігіне баламалы тергеу жүргізу құқығы берілмек. Бұл жаңашылдық мемлекеттік емес ұйымдарда да жемқорлықпен күресті күшейтуге мүмкіндік болады.
Сурет: ашық дереккөздерден