Алматыда ірі кәсіпорындардың айналасында шағын және орта кәсіпорын белдеуін құру аясында төрт жоба жүзеге асырылуда. Мұндай деректерді LS-ке қала әкімдігінде ұсынды.
Редакцияның сұрауына жауап ретінде Алматының индустриялық аймағында жаңа нысандар пайда болатыны хабарланды. Әкімдіктің мәліметінше, құрылысқа 0,5 га, 1 га, 7,5 га және 1 га жер телімдері берілген. Жоба 447,6 млн теңгеге бағаланды. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 10 мың өнім бірлігін құрайды.
Сондай-ақ, 1,3 млрд теңгеге автомобиль орындықтарының өндірісі іске қосылады деп күтілуде. Оның қуаты-жылына 10 мың бірлік болмақ. Индустриялық аймақта қойма үй-жайлары салынады. Бұл жоба 1,8 млрд теңгеге бағаланып отыр. 840 млн теңгеге автомобильдерге арналған резеңке және пластик бұйымдар шығаратын зауыт іске қосылады. Қуаты – жылына 150 мың бірлік.
Сонымен қатар, мегаполисте жаңа индустриялық аймақ іске қосылуы мүмкін. Қаланың бас жоспарына қаланың өнеркәсіптік аймақтарын 2040 жылға дейін жаңғырту енгізілгені және белгіленген бағдарламаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру үшін мастер-жоспар әзірленетіні атап өтілді.
Бұған дейін, LS редакциясы Алматыда 14,2 млрд теңгеге 29 шағын өнеркәсіп паркі жұмыс істейтінін жазған болатын. Бұл нысандардың ауданы 133,9 мың шаршы метрді құрайды, онда 3,3 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта 29 жобаның 11-і іске қосылды. Олардың ашылуына 4 млрд теңге жұмсалды.
Анықтама
Өнеркәсіптік парк шағын және орта бизнес жобаларын іске асыруға арналған аумақ болып табылады. Ол жерде кәсіпкерлерге коммуникациялары тартылған дайын үй-жай беріледі. Бұл нысандардың ашылуы "Алматы бизнес-2025" бағдарламасында қарастырылған. Алаңдар инвесторлармен немесе өндірістік базалардың иелерімен қала шегінде салынады.