Жаңа министр, жаңа сенатор. Дүйсенбідегі ауыс-түйіс

Бүгін үкіметте кадрлық ауыс-түйіс болды. Жаңа министр, жаңа сенатор тағайындалды. наш сайт тілшісі дүйсенбедегі жаңа тағайындаулар туралы баяндайды.

Назарбаеваның орнына Әшімбаев

Алдымен Орталық сайлау комиссиясы Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатқаны белгілі болды. Дариға Назарбаева Сенат төрағасы қызметінде болған. Бұл қызметті ол 2019 жылдың 20 наурызынан бері атқарған болатын.

Ал Назарбаеваның орнына Мәулен Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Ол бұған дейін жарты жылға жуық уақыт Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Артынша Әшімбаев құпия дауыс беру нәтижесі бойынша Сенат төрағасы болып сайланды.

© Тұрар Қазанғапов

Кейін Мемлекет басшысы жаңадан сайланған Әшімбаевқа қатысты пікір білдірді.

"Ол мемлекет ісінің қыр-сырын жетік меңгерген, ұзақ жыл түрлі салада жемісті және тиімді қызмет атқарды. Парламент жұмысын жақсы біледі. Әрдайым өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан бұл қызметті абыроймен атқаратынына күмәнім жоқ", — деді Президент.

Мәулен Әшімбаев 1971 жылы Алматыда дүниеге келген. Еңбек жолын 1993 жылы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде бастаған ол кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі, Стратегиялық зерттеулер институтының директоры, Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

Бүгінгі тағайындау — Мәулен Әшімбаевтың соңғы 10 айдағы үшінші қызметі. 2019 жылы 30 шілдеде ол Қазақстан Президентінің көмекшісі болып тағайындалған. Ал желтоқсанда Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Ал бүгіннен бастап ол — Сенат депутаты.

Мемлекеттік қызметте 27 жыл. Мәулен Әшімбаев туралы не белгілі?

Әшімбаевтың орнына Абаев

Артынша ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қызметінен босатылды. Ол бұл министрлікті 2019 жылдың 25 ақпанынан бері басқарған болатын.

"Мемлекет Басшысының өкімімен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды", — делінген Жарлықта.

Артынша Абаев Әшімбаевтың орнына Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

© Тұрар Қазанғапов

Дәурен Абаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Еңбек жолын Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратында түрлі қызметте бастаған. Кейін СІМ-нің баспасөз қызметін басқарды. 2011 жылы Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалып, бес жыл жұмыс істеген.

Ал 2016 жылы мамырда жаңадан құрылған Ақпарат пен байланыс министрлігін басқарды. Ал былтыр Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалған.

Абаевтың орнына Балаева

Дәурен Абаевтың орнына енді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін Аида Балаева басқарады.

"Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын", — делінген хабарламада.

Бұған дейін Балаева Президент көмекшісі — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған еді. Бұл қызметке ол былтыр 27 шілдеде тағайындалған болатын.

© Тұрар Қазанғапов

Аида Балаева 1974 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде жетекші маман ретінде бастайды. Артынша Алматы мен елордада Ішкі саясат департаметінде жұмыс істейді.

Ал 2014 жылдан 2019 жылдың шілдесіне дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды.

Көлігі жоқ, үш баланың анасы, Желіде белсенді. Сіз кімсіз, Аида Балаева?

Похожее

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев
судебная администрация поэт права инвалидов MOST Ventures стартапы республиканские дороги КаздорНИИ Воздух Transportation oil скотный двор статистика Антикора хищения средств единый социальный фонд внебюджетная система утеря кормильца Арлан Торпедо лицензирование учебные заведения Пономарев Сергей видеокамера умелец сварщик эндаумент фонд ил озеро Карасу Сайран энергетика басқармасы вейп Белград единое время Министерство просвещение декларирование доходов товары из Китая Буденовское Ливневки врезались в столб общественные пространства скверы Итоговый турнир ATP Морские обитатели Қуанамын Огни Байтерека бонистика нумизматика данные МВД Голополосова день национальной валюты имидж обеспеченность детей казахстанские родители Перизат Кайрат поножовщина премьер-министр Греции Мемориальная Доска транспортное средство Ильхам Әлиев распродажи сталь

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top