Зауытты АҚШ инвесторы Қарағанды облысында іске қоспақ. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлады.
Бұл аймақта АҚШ-тың Tyson Foods Inc компаниясымен бірлесіп өндіріс салынады деп күтілуде. Жобаны іске асыру 124 млрд теңгеге бағаланып отыр. Ал Балқашта ет комбинаты пайда болады деген болжам бар.
Әкімдікте хабарлағандай, учаскелерді анықтау мәселесі әлі пысықталуда. Сонымен қатар, құжаттарды дайындау жүргізілуде. Жобаны іске асырудың жоспарланған мерзімі – 2023-2025 жылдар. 2 мың адам жұмысқа орналаса алады.
Естеріңізге сала кетейік, ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылдан бастап америкалық инвесторлар Қазақстанда ірі қара малды қайта өңдеу зауытының құрылысын бастайтынын хабарлады. Осылайша, Tyson Foods корпорациясынан үш зауыттың құрылысына $5 млрд-ға дейін инвестиция күтілуде.
Кейін кәсіпорындардың бірі Алматы облысында пайда болатыны белгілі болды. Оның құны –комбинатты іске қосу есебінен $300 млн.
Комбинатты іске қосу есебінен 20 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарда бар. Атап айтқанда, өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасында LS-ке хабарлағандай, кәсіпорын құрылысы үшін Сарқан ауданында учаске беру жоспарланған. Жоба бойынша барлық проблемалық мәселелер пысықталуда. Қазіргі уақытта бұл жобаны Қапшағайдың жанындағы "Арна" индустриялық аймағында іске асырылмақ.
Анықтама
Tyson Foods Inc. – америкалық компания өндіру көлемі бойынша әлемдегі екінші ет жеткізуші болып табылады. McDonald ‘s, Burger King, Wendy’ s, Wal-Mart сияқты ірі желілерді қамтамасыз етеді.