Қарағанды облысында Жәйрем полиметалл байыту фабрикасы іске қосылды, деп хабарлайды LS.
Ақордада хабарлағандай, президент Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір барысында жаңа нысанды іске қосты.
Хабарламада коронавирустық пандемия жағдайына қарамастан жоба белгіленген мерзімде аяқталғаны айтылған. Жобаның құны айтылмады.
"Тау-кен байыту кешені Қазақстандағы мырыш және қорғасын концентраттарының ірі өндірушісі болады деп күтілуде. Өндірісте 400 адам жұмыс істейтін болады", – делінген хабарламада.
Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 5 млн тоннаға дейін кенді құрайды. Мұнда қорғасын-мырыш кені өңделеді.
Ақпаратқа сәйкес, сондай-ақ, өңделген өнім экспортын арттыру жоспарлануда, бұл салық түсімдерін 1,5 млрд теңгеге арттырады.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысында 2 трлн теңгеден астам сомаға 50 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Биыл 14 жоба іске қосылады, өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының инфрақұрылымына инвестициялар көлемі 230 млрд теңгені құрайды.
Бұған дейін нысанның құрылысын 2021 жылдың II тоқсанында аяқтау жоспарланғаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарында білікті шетелдік мамандар жұмыс істейді. Iске қосу-жөндеу жұмыстары 2020 жылдың желтоқсанында басталды.