Атырау облысында химия саласында $121 млн-ға өндіріс ашу жоспарлануда, деп хабарлайды LS.
СІМ хабарлағандай, бұл ұсыныс инвестициялар туралы келісім жасасуды жоспарлап отырған жобалар тізіміне енгізілген. Атап айтқанда, өңірде каустикалық сода, тұз қышқылы және коагулянттар өндірісі ашылмақ. Инвестициялар құны – $121 млн.
Алдын ала құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталады, ал кәсіпорынды іске қосу 2024 жылға белгіленген. Жұмыспен 145 адам қамтамасыз етілмек.
Бұған дейін, LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлағандай, 29,9 млрд теңгеге каустикалық сода, тұз қышқылы, алюминий оксихлориді және темір хлориді өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр.
Деректерге сәйкес, инвестор іздестіру жүргізіліп жатқан инвестициялық ұсыныстарға сондай-ақ, $10,54 млн-ға күкірт цементтен өнім өндіру жобасы енгізілген.