Bereke Bank ULTTYQ ÓNIM көрмесіне демеушілік қолдау көрсетті


Алматыда отандық өндірушілердің ULTTYQ ÓNIM атты дәстүрлі көрмесі өтті.

Көрмеге еліміздің барлық аймақтарынан "Даму" қорының бағдарламалары арқылы мемлекеттік қолдауға ие болған шамамен 300 қазақстандық компания қатысты. Шағын және орта бизнес субъектілері киім-кешек, аяқ киім, жиҺаз, құрылыс материалдары, зергерлік бұйымдар, азық-түлік сияқты сан алуан тауарларды ұсынды. Көрме қонақтары қазақстандық өндірісті дамыту жолында атқарылған мемлекет пен бизнестің қажырлы еңбегіне куә болды. Ал кәсіпкерлер жаңа бизнес-байланыс орнату, жаңа нарыққа шығу, қазақстандықтарды өз өнімдерімен таныстыру мүмкіндігіне ие болды.

Bereke Bank қазақстандық бизнестің дамуына елеулі үлес қосып келеді, банк көрмеде ШМБ-ға арналған сервистері мен қызметтерін ұсынды. Атап айтқанда, ЖШС-ны B-Business мобильді қосымшасында тіркеуге мүмкіндік беретін жаңа сервисті ұсынды. Бұл қызметті банк еліміздегі қаржы институттарының арасында бірінші болып іске қосты.

Банктің ақпараттық жүйелерінің және Әділет министрлігінің интеграциясының арқасында, ЦДИАӨМ және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қолдауымен ЖШС-ны небәрі бір минутта тіркеуге болады. Ол үшін заңды тұлғаның атауын, құрылтайшының ТАӘ, бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді, салым сомасын және басқа да деректерді көрсеткен жеткілікті. Қызмет тегін көрсетіледі. Айта кетерлігі, бұрын ЖШС-ны тек "Электрондық үкімет" веб-порталында немесе Халыққа қызмет көрсету орталығында ашуға болатын.

Сонымен бірге аталған көрмеде өздігінен инкассациялау, бизнеске арналған депозит, электронный чек сияқты қызмет түрлері де ұсынылды. Сондай-ақ жеке тұлғалар үшін тиімді шарттармен ашуға болатын депозит ұсынылды.

Сонымен қатар бизнес-клиенттердің арасында ұтыс ойыны өткізілді, жүлдеге жаңа iPhone 14 Pro Max берілді. Қатысу үшін банк клиенті атанып, сауалнаманы толтырып, әлеуметтік желідегі парақшада банктің көрме аймағында түскен фотоны жариялап, банк парақшасын белгілеу қажет болды. Кездейсоқ сандар генераторының көмегімен үш жеңімпаз анықталды, екеуі Алматы қаласының тұрғыны. Үшінші жүлде Қарағанды қаласына жіберілді.

"Ulttyq onim көрмесіне отбасыммен бардым, көрменің ұйымдастырылу деңгейі мен техникалық дайындығына, экспозицияға қатысушылардың құрамына өте риза болдық. Әрбір келуші уақытты пайдалы өткізіп, жаңа және қызықты дүниелер тапқанына сенімдімін. Білімге деген құштарлық, өзгеше ойлау және өз қабілетіңді дамыту – табыстың маңызды құрамдас бөліктері. Өндірушілерге мұндай мүмкіндікті Bereke Bank пен "Даму" Қоры берді. Менің Bereke Bank-тің бизнес-клиенті атанғаныма көп болған жоқ, қызмет көрсету деңгейіне көңілім толады. Банктің жаңа сервистер мен өнімдерді үнемі жетілдіріп, дамытып отыратыны ұнады. Дәл осы банкті таңдау себебім – менің ата-анам Сбербанктің, қазіргі Bereke Bank-тің қолдауымен өз бизнесін жүргізіп келеді, олар банктің қызмет көрсету деңгейіне өте риза. Байқау жеңімпазы атанғаныма қуандым. Клиенттер үшін осындай акция ұйымдастырғандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Істеріңіз берекелі болсын, ұзақ әрі жемісті ынтымақтастық орнататынымызға сенемін", – өз әсерімен ұтыс ойынының жеңімпазы Азиза Бауенова бөлісті.

Bereke Bank-тің негізгі мақсаты – клиенттердің талабын қанағаттандыру, банк өз клиенттерін болашақта да сапалы өнімдермен, сапалы қызметпен қуантуға ниетті.

Похожее

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top