Банк қызметкерлері қазақстандықтардың шоттарынан ақша шешкен – Бас прокуратура

Қазақстанда банк қызметкерлері бөгде тұлғаларға несие рәсімдеп, клиенттердің шоттарынан ақша алған, деп хабарлайды LS.

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, 2022 жылы банк жүйесінің сегіз қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ал 2021 жылы үш ұқсас жағдай орын алған.

Жасалған қылмыстардың негізгі үлесі алаяқтыққа (ҚК-нің 190-бабы), сеніп тапсырылған мүлікті қызметтік жағдайын пайдалана отырып ұрлауға (ҚК-нің 189-бабы) және банктердегі өкілеттіктерді теріс пайдалануға (ҚК-нің 250-бабы) тиесілі. Бұл ретте қылмыс жасаған тұлғалар 188-бап "Ұрлық" бойынша жауапқа тартылған жоқ.

"Ұрлаудың негізгі тәсілдері – аффилиирленген компанияларға қарыз беру, бөгде тұлғаларға несие беру, банк үшін залалды шарттар бойынша несие беру, жалған шығыс – кассалық ордерлері бар клиенттердің шоттарынан ақша қаражатын алу", — делінген LS редакциясының сұрауына берілген жауапта.

Бас прокуратурада, бұл қылмыстар Алматы, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қызылорда және Павлодар облыстарында жасалғанын атап өтті. Алайда келтірілген залал туралы ақпарат жоқ.

Сонымен қатар, Ішкі істер органдарында үш қылмыс тіркелгенін хабарлады. Оның ішінде ҚК-нің 189-бабы бойынша Степногорск пен Қостанай облысындағы Торғай және Қарабалық кенттерінде.

Бұған дейін, LS редакциясы банк қызметкерлері тарапынан басқа да қандай зиян келтірілгенін туралы жазған болатын.

Похожее

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top