Балалар капиталы: қазақстандықтар Ұлттық қордан ақша алатын болады

Ұлттық қор қаражатын тиімсіз жұмсау тоқтатылады. Бұл туралы халыққа жолдау барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Мемлекет басшысының айтуынша, ұлттық қордан алынған қаражат қажетті инфрақұрылымды дамыту мен ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.

"Ұлттық қор қаражатының тиімсіз жұмсалуы тоқтатылады. Бюджет процестерін барынша жеңілдетіп, мемлекеттік мекемелерге игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруға мүмкіндік беру қажет. Осылайша, олар бюджетке ақшаны қайтарудың тиімсіз рәсімінен арылады", — деді Тоқаев.

Оның айтуынша, бюджетке байланысты тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілуі керек. Оған квазимемлекеттік сектор да қосылуы тиіс.

Жолдау барысында мемлекет басшысы әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланудан нақты қайтарым алуы тиіс екенін айтты. Сондықтан жарияланған балалар жылы аясында "Ұлттық қор балаларға" жаңа бағдарламасын бастау өте маңызды.

"Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50%-ын балалар 18 жасқа толғанға дейін, мерзімінен бұрын алу құқығынсыз, арнайы жинақтау шоттарына аударуды ұсынамын. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға бағытталатын болады. Қор шын мәнінде ұлттық мәртебеге ие болып халықтың мүдделеріне қызмет ететін болады. Осы ауқымды бастаманы мұқият пысықтау қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосуды тапсырамын", — деді Тоқаев.

Президент "Самұрық-Қазына" қызметіне арнайы тоқталды. Мемлекет басшысы мемлекеттік қор экономиканың негізгі секторларын бақылау үшін жеткілікті мажоритарлық пакетке ие инвесторға айналатынын еске салды.

Басқа активтер мен акциялар, оның ішінде "Халықтық IPO" тетігі арқылы жекешелендірілетін болады.

"Бірлескен инвестор ретінде "Самұрық-Қазына " жеке инвесторлар жүзеге асыра алмайтын аса маңызды жобаларға ғана қатысатын болады. Мұндай жобаларды президент айқындайды", — деп түйіндеді Тоқаев.

Похожее

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top